Массаж аурудың алдын алады 👣
✅ Сәби табанындағы белгілі орындарды уқалаңыз!
✅ Адамның байлығы- денінің саулығы. Деседе, денінің саулығын дерт келгенде ғана ойлайтын қазақпыз ғой...Оның өзінде басымыз ауырып,аяғымыз қақсаса болды бірден дәрінің көмегіне жүгініп, аз ғана уақытқа алдаймыз өзімізді. Ал сіз жай ғана массаждың өзі қанша аурудың алдын алатынын білесіз бе? Ең қызығы, сәби табанындағы белгілі орындарды жайлап уқалау арқылы сәбидің ауырған жерін емдеп жазуға болады. Қалай?
Бірінші. Мұрын мен тамақ
Барлық бақайларын уқалау арқылы мұрын мен тамақтың ауырғанын басуға болады.
Екінші. Тіс пен бас
Үлкен бақайдың төмен жағына жасалған массаж тіс пен бастың ауырғанын қойғызады.
Үшінші. Құрсақ өрімі
Суретте көрсетілген табанның жоғары жағы құрсақ өріміне (солнечное сплетение) ем.
Төртінші. Іштің жоғары жағы
Табанның орта тұсын уқаласаңыз, іштің жоғары бөлігінін ауырғанына көмегі тиеді.
Бесінші. Іштің төменгі жағы
Іштің төмен жағы ауырса, табанның төмен тұсын уқалау қажет.
Алтыншы. Жамбас бөлік
Ал өкше жақты уқаласаңыз, жамбасыңыздың ауырғанына көмектеседі.