"Әйелдер не істеп шаршайды?" ✅ Отағасы кешке жұмыстан қайтты. Келсе үйдің ауласы ат ойнағандай әлем-тапырақ. Ойыншықтар, қағаз-қоқыстар, тамақтың қалдықтары т.б. Ортасында кеше жатарда киген пижамаларын әлі шешпеген үш баласы. Бет-ауыздары кір-қожалақ, үсті-бастары шаң-тозаң, жалаңаяқ. Үйдің есігі айқара ашық. Әйеліме бірдеме болды ма деп жүрегі зу ете қалды. Үйге кірсе, ішкі жағдай даладан асып тұрғаны шамалы екен. Есіктен төрге дейін шашылған тағы да ойыншықтар. Киімдер, кітапшалар мен қағаз қиындылары. Шам сынған. Перденің шеті жұлынған. Төсек әлі жиналмаған. Теледидар өшірілмей бар даусында тұр. Ас үйге бас сұғып еді ондағы "көрініске" шыдай алмай, тез кері шығып кетті. ✅ Өзінің жатын бөлмесіне кіріп еді төсекте жайбарақат кітап оқып жатқан әйелін көрді. Әйелін бірінші рет көріп тұрғандай таңғала қарады. Сосын түсінбестікпен: "Бүгін саған Не болды?", - деп тіл қатты. Әйелі: "Отағасы, сіз күнде жұмыстан келгенде: "Бүгін маңызды не істедің сонша?", -деуші едіңіз ғой. Міне, бүгін мен түк істеген жоқпын"- деп жауап қатты...

Теги других блогов: әйелдер үй ойыншық